Көшпелілер өркениетіндегі экзистенциалдық дүниетаным

214 120

Авторлар

  • А. Абдина Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Н. Сарсенбеков Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

көшпелілер өркениеті, экзистенциалды сарын, өмірдің мәні, адам болмысы, адамгершілік, бақыт, өмір, ажал.

Аңдатпа

Өмірдің мәні мәселесі қазіргі әлемдік деңгейде пандемиялық жағдай орнаған
заманда өмір сүріп отырған әр адамды толғандырып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, бұл мақала
өмірмәндік толғанысқа ұшырап отырған көпшілікке, соның ішінде жастарға көмек бола
алады. Жер бетін шарпыған коронавирустық пандемия қорқыныш, үрей, тіпті дүрбелеңнің
себебі болып табылады. COVID-19 вирусының таралуына байланысты орнаған пандемияның
салдары экзистенциалдық толғаныстарға әкелді. Соның салдарынан, адамзат баласы өмірдің
қысқалығын сезіне отырып, экзистенциалдық мәселелерге көңіл бөле бастады. Алайда,
экзистенциалдық дағдарыстарға тойтарыс бере алатын оптимистік көзқарастар да бар.
Көшпелілер дүниетанымында санасында қалыптасқандай өмірдің мәнін ұғына білу,
қысқа өмірді адам затына сай өткізуге бағыттайтын позитивті сипатқа ие экзистенциалдық,
өмірмәндік ұстанымдардың рухани қажеттілікке айналуы қазіргі қоғам үшін аса маңызды.
Өмірдің мәні мәселесін жоғары сана деңгейінде игере білу адамгершілік жағынан
кемелденуінің қажетті шарттарының бірі. Адам өмірінің мәні – еліне қызмет етіп, оны
жаудан қорғау жолында өз өмірін де құрбан ете білу, бұл мақсаттарды адамның жеке
мүддесінен жоғары қойып, өршіл намыс пен ерлікке ғана емес, кіршіксіз адамгершілікке
ұмтыла білу, өлім алдында адам жанын қинайтын қарекеттерден аулақ болу іспеттес пікірлер
көшпелілер дүниетанымының басты идеясы. Мақаланың басты мақсаты – көшпелілер
дүниетанымындағы өмірдің мәні мәселесін, адам болмысын қалыптастыратын Адам затын
(қасиетін) талдау. Осы мақсатқа жету мақсатында: көшпелілер дүниетанымының өзегі болып
табылатын мәселелер – Адам және адамгершілік, тіршілік және өмір, өмірдің мәні, адамдық
және кісілік, даралық және имандылық мәселелері ескерілді.

Әдебиеттер тізімі

Новости ООН [Электронный ресурс]. URL: https://news.un.org/ru/story

Нұғман Б.Ғ., Шаймұқанова С.Д. Ұлы дала өркениеті: Оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2009. – 91 б.

Нугман Б.Г., Абдрахманова А.А., Жетписбаев А.О. Казахстан в истории кочевой цивилизации: учеб. пособие. – Караганда: Издательство КарГТУ, 2008. – 93 с.

Қалиева Э.І., Егенисова А.Қ. Жастарды этностық құндылықтар арқылы отбасылық өмірге дайындау // Педагогика және психология. – Алматы, 2014. – 213 б.

Yasemin Ş.A. Varoluş Felsefesi İle Suç Kavramına Bir Bakış // Bilecik Şeyh Edebali Üniversitesi Sosyal Bilimler Enstitüsü Dergisi. – 2017. Cilt/Volume: 2. – Б. 430–435.

Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. – Алматы: Ғылым, 1996. – 168 б.

Камалова Ф.Б., Байтенова Н.Ж., Кантарбаева Ж.О., Абдуразакова Г.А. Қазақстандағы киелі жерлердің өзара сабақтастығы // ҚазҰУ хабаршысы. Философия, мәдениеттану, саясаттану сериясы. Vol. 1. 2020. [Электронды ресурс]. URL: https://bulletin-philospolit.kaznu.kz

Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті (Қазақ әдебиеті бастаулары). – Алматы: Атамұра, 2005. – 336 б.

Бижанова М.А. Әл-Фараби шығармаларындағы ізгілікті қоғам идеясы. // Шығыстың ұлы ойшылы, «Әлемнің екінші ұстазы» Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдығына арналған республикалық конференция материалдары. – Талдықорған, 2020. – Б. 28–32. 10. Ысқақұлы Д. Ғұлама философиясындағы бақытты адам концепциясы. // Бiлiмдi ел – Образованная страна. 26.08.2020.

Cüneyt A., Özkan Ö. Values of Honesty and Integrity in Kutadgu Bilig // Bilig, Türk Dünyası Sosyal Bilimler Dergisi. – 2017. – S. 123–145.

Kalın İ. Hoca Ahmed Yesevî, Hüküm ve Hikmet // Bilig, Türk Dünyası Sosyal Bilimler Dergisi. 2017. – S. 1–14.

Нысанбаев Ә. Диуани Хикмет даналық қазынасы // Ақиқат. – 1998. – №7. – Б. 24–32.

Toprak F. “İnsan-ı Kâmil’e Bakışlarıyla Yusuf Has Hacip ve Hoca Ahmed Yesevî // Bilig, Türk Dünyası Sosyal Bilimler Dergisi. – 2017. – S. 95–122.

Сартр Жан-Поль Экзистенциализм – это гуманизм. – Париж, 1946. – 37 c.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ, ДІНТАНУ