БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ОҚУ-ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ МАЗМҰНЫ

134 147

Авторлар

Кілт сөздер:

коммерцияландыру, коммерцияландыру моделі, оқу-зерттеу, ғылыми-зерттеу, болашақ педагог, білімді коммерцияландыру.

Аңдатпа

Мақалада коммерцияландыру ұғымының мазмұнына жан-жақты анықтама берілген. Педагогтарды жоғары оқу орнында даярлау барысында теориялық және практикалық алған білімдері бойынша оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін коммерцияландырудың құрылымдық мазмұны, коммерцияландыруға көшірудің мүмкіндіктері, мақсаты, міндеттері, негізгі артықшылықтары және ерекшеліктері айқындалады. Жоғары оқу орнында дайындықтан өткен мамандардың білімі жоғары дәрежеде болуы керек. Өйткені, бұл талап әрбір мамандық бойынша білім беру мазмұнын салыстырмалы түрде біртұтас білім саласы ретінде анықтауы керек. Білім берудің күрделі мазмұнын меңгеруде, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың қазіргі кездегі ұстанымдарын жүзеге асыруда, педагогикалық үрдіс, яғни, оқытушылар мен студенттердің өзара байланысқан және өзара келісілген іс-әрекеті басты міндет атқарады. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру саласында бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу үшін маңызды міндеттерді шешуге бағытталған күрделі бетбұрыс жасалуда. Соңғы ондаған жылдарда Қазақстанда ғылыми-зерттеу нәтижелерін және технологияларды коммерцияландыруға байланысты ресми құжаттар қабылданып, жұмыстар жүргізілгендігіне қарамастан, университеттердегі және ғылыми орталықтардың зерттеулерін коммерцияландыру моделін жетілдіруді қажет етеді. Болашақ педагогтардың оқу-зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру моделі мақалада сызылған. Көрсетілген құрылымда болашақ педагогтардың оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға дайындығының теориялық негізіне талдау жасай отырып, жоғары оқу орнында оны жүзеге асырудың моделі құрастырылды.
ЖОО-ның инновациялық білім беру кеңістігіндегі болашақ педагогтарды білімдерін коммерцияландыруға дайындау моделі жасалған, ол кешенді іс-әрекеттердің жиынтығынан тұрады: мазмұны, мерзімі, іс-шараларды өткізу орны мен ресурстары, бір мақсатқа жетуге, жалпы мәселені шешу бағытталған.

Әдебиеттер тізімі

Козметский Дж. Вызов технологических инноваций на пороге новой эры общемировой конкуренции. В кн.: Трансфер технологии и эффективная реализация инноваций / Под ред. Н.М. Фонштейн. – М.: АНХ, 1999. – 296 с. 2. Монастырный Е.А., Грик Я.Н. Ресурсный подход к построению бизнес процессов и коммерциализации разработок // Инновации. – 2004. – №7. – С. 85–87. 3. Словарь экономических терминов. [Электронный ресурс]. URL: https://gufo.me/dict/economics_terms/коммерциализация (2019, с. 31) 4. Мухопад В.И. Коммерциализация интеллектуальной собственности. – М.: Магистр, 2010. – 511 с.

Шумянкова Н.В. Коммерциализация результатов научно-технической деятельности. – М.: Национальный институт бизнеса, 2005. – 294 с. 6. Завлин П.Н. Инновации в рыночной экономике // Гуманитарные науки. – 1997. – №3. – С. 4–5. 7. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 2015 жылғы 31 қазандағы №381-V ҚРЗ. [Электронды ресурс]. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000381 8. Педагогтің кәсіби стандарты. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы №133 бұйрығына қосымша. – Б. 100–105. 9. Гайсина Қ., Шілдебаев Ж.Б. Болашақ биология пәні мұғалімдердің кәсіби құзыретін дамыту // Абай атындағы ҚҰПУ Хабаршысы «Педагогика ғылымдары» сериясы. – 2019. – №1. – Б. 180–185.

Алибекова Г.Ж., Таяуова Г.Ж., Ильмалиев Ж.Б. Проблемы оценки эффективности программ содействия коммерциализации научных разработок в Казахстане // Комплексное использование минерального сырья. – 2018. – №4. – С. 181–191.

Поляков А. Ф. Коммерциализация науки: за и против // Международный научный журнал «Символ науки» №2/2016. Ст. 242-245 12. Медынская И.В. Некоторые особенности коммерциализации НИР и инновационных проектов в условиях Евразийской интеграции // Дискурс. – 2018. – №5. – С. 55–61.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-31

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ