Студенттердің мәдениетаралық құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары
163 236
Кілт сөздер:
білім, инновация, мәдениетаралық коммуникация, үштілді білім беру, жаһандану, ұлттық бірегейлік.Аңдатпа
Мақалада білім беру жүйесіндегі өзекті болып отырған тақырыптардың бірі – студенттердің мәдениетаралық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі қарастырылып
зерттелген. Мемлекетіміздегі терең әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер ашық азаматтық қоғамға көшумен байланысты, оның айрықша ерекшелігі – адамның басқа елдер мен халықтардың өкілдерімен өзара әрекеттесуі. Отандық білім беру жүйесі де осыған байланысты өзгеріске ұшырап жатыр. Әлемдік қоғамдастыққа интеграциялану және ашық демократиялық қоғам құру процесі қазақстандық білім беру жүйесінің алдына жаңа мақсат қойды. Ол міндет – өзін тек белгілі бір елде тұратын, тек өзінің төл мәдениетінің өкілі
ретінде ғана емес, сонымен қатар өзін және оның тасымалдаушысы ретінде қабылдайтын әлем азаматы ретінде қарастырып және әлемдік дәрежеде ойлау қабілеті бар адамды тәрбиелеу, өз халқының және басқа елдердегі халықтардың мәдени мұраларының байлығын
бойына сіңірген, олармен өзара түсіністікке ұмтылған, тұлғааралық және мәдениаралық өзара әрекеттесуді жүзеге асыруға дайын және мәдениетті тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі
қоғам қарапайым мұғалімдер мен психологтерді ғана емес, халықаралық және мәдениетаралық коммуникация құзіреттілігін игерген нағыз мамандарды қажет етеді. Бұл
тек тілдерді білумен шектелмейді, сонымен қатар адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту дегенді білдіреді. Оқыту процесінде студенттердің дағдыларды меңгеруі, өз және шетелдік мәдениет өкілдерінің арасында делдалдық байланыстырушы қызметін атқаруы, мәдениетаралық қарым-қатынастың бұзылу себептерін анықтауы және мәдениетаралық айырмашылықтардан туындаған түсініспеушіліктер мен дау-дамай жағдайларды жоя білуі
керек. Осылайша, студенттерді кәсіби даярлау міндеттеріне олардың мәдениетінің ерекшеліктерін нақтырақ түсінуге, басқа мәдениет өкілдерімен тиімді қарым-қатынас
жасауға, ұлтаралық шиеленістерді болдырмауға мүмкіндік беретін және этникалық қақтығыстарды болдырмайтын тұлға даярлау негізгі міндет болып отыр. Осыған байланысты
студенттердің мәдениетаралық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық- психологиялық шарттары өте қызықты және өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
Закон Республики Казахстан «Об образовании», 2007. [Электронды ресурс]. URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z070000319_
Халеева Н.И. Основы теории обучения понимания иноязычной речи. – Москва: Высшая школа, 1989. – 236 с.
Поршнев В.Ф. О начале человеческой истории. – Москва: Мысль, 1974. – 350 с.
Ларин Б.А. О народной фразеологии. В кн.: История русского языка и общее языкознании. – Москва: Просвещение, 1997. – 380 с.
Маслова В.А. Лингвокултурология. – Москва: Издательский центр «Академия», 2001. – 208 с.
Byram M., Nicols A., Stevens D. Developing Intercultural competence in practice. – Great Britain by the Crownell press ltd, 2001. – 283 p.
Қашқынбаева З.Қ. Оқыту үдерісінде оқушылардың ғылыми тілмен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру: пед. ғыл. канд. ... дисс. – Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы, 2010.
Loreta Chodzkiene. What every student should know about intercultural communication. – Vilnius: Vilniaus universitetas, 2014. – 261 p. 9. Кунанбаева С.С. Теория и практика современного иноязычного образования. – Алматы: ДП «Эдельвейс», Казахский университет международных отношений и мировых языков, 2010. – 340 с.
Жумагулова А. Мәдениетаралық коммуникация – түрлі мәдениет иелерінің арасындығы тілдік қатынас құралы. [Электронды ресурс]. URL: http://group-global.org/ru/publication/24908-mdenietaralyk-kommunikaciya-turli-mdeniet-ielerinin-arasyndygy-tildik-katynas, 08.06.2015
Тарасов Е.Ф. Межкультурное общение – новая онтология анализа языкового сознания // Этнокультурная специфика языкового сознания: сб. статей / под ред. Н.В. Уфимцевой. – М., 1996. – С. 7–22.
Осиянова О.М. Лингвистическое образование и лингводидактика: учеб.-справочник. – Оренбург: Изд. центр Оренб. гос. аграрного ун-та, 2004. – 132 с.
Pratama H., Azman M.N.A., Zakaria N.A., Khairudin M. The effectiveness of the kit portable PLC on electrical motors course among vocational school students in Aceh, Indonesia // Комплексное использование минерального сырья. – 2022. – №320(1). – С. 75–87. https://doi.org/10.31643/2022/6445.09
Arpentieva M.R., Retnawati H., Akhmetova T.A., Azman M.N.A., Kassymova G.K. Constructivist approach in pedagogical science // Challenges of Science. Issue IV, 2021, pp. 12-17. https://doi.org/10.31643/2021.02
Kassymova G.K., Vafazov F.R., Pertiwi F.D., Akhmetova A.I., Begimbetova G.A. Upgrading Quality of Learning with E-Learning System // Challenges of Science. Issue IV, 2021, pp. 26-34. https://doi.org/10.31643/2021.04
Жұматаева З.Н., Жұматаева С.Н. Тілдік және мәдениетаралық қатынас құзыреттерін қалыптастыруда фильмдерді тиімді қолдану әдістемесі // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2021. – №3 (121). – Б. 129–146.