АБАЙ ТАНЫМЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕГІ М.ӘУЕЗОВ ЗЕРТТЕУІНДЕ
259 251
Кілт сөздер:
Абай, өлеңдері, М. Әуезов, монография, адамгершілік, таным, тәрбие, қоғам, мемлекет, игілік.Аңдатпа
Мақалада М. Әуезовтің абайтану бастауында тұрған тұлғасы мен оның Абайдағы адамгершілік танымды негіздеген түйінді ойлары қарастырылған. М. Әуезов – абайтану ғылымының негізін қалаушы. Ол Абай өмірі мен мұрасын тұрақты әрі жүйелі түрде зерттеген ғалым. Абайтану ғылымының қалыптасуында М. Әуезов сіңірген еңбек өте зор. Бала Мұхтар атасы Әуездің жанында жүріп, Абайды бала қалпымен көрген адам. Абай қайтыс болғанда бала Мұхтар алты-жеті жаста болған. Ол тоғыз-он жасында Абай өлеңдерін түгелге жуық жаттап өскен бала. Кейін ер жетіп, қолына қалам алып жазуға кіріскенде, алғаш жазған мақаласы – «Адамдық негізі – әйел» (1917) болса, кейінгі мақаласын (1918) Абай өмірі мен шығармашылығын танытуға арнаған. Жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары Абайдың толық шығармалар жинағын дайындап жариялады, ақынның ауқымды ғылыми өмірбаянын жазып бітірді. Ақынның осы өмірбаянын кеңейтіп төрт томнан тұратын «Абай жолы» (1942–1956) роман-эпопеясын жазды. Абайдың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты танытқан «Абай Құнанбаев» монографиясын жариялады. Осының бәрі М. Әуезовті – абайтану ғылымының негізін қалаушы орны бөлек бірегей абайтанушы ғалым биігіне көтерді.
Мақалада М. Әуезовтің Абай дүниетанымындағы ең өзекті мәселе – адамгершілік таным негіздерін танытқан еңбегі айқындалған. Оның түйіндеуінше, Абай шығармаларындағы басты мәселе – мораль философиясы мен адамгершілік жайы. М. Мырзахметұлының зерттеулері негізінде ғылым игілігіне айналған Толық адам танымы – М. Әуезов тұжырымдаған «Нравственная личность» теориясының заңды жалғасы. Абай шығармалары жайлы М. Әуезов тұжырымдаған ойлардан адамгершілік тақырыбы – төркіні терең таным, ал Абай – адамгершілікті жүйелі жырлаған ақын екені танылады.
Әдебиеттер тізімі
Мұхтар Әуезов туралы естеліктер. – Алматы: Жазушы, 1997. – 608 б.
Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. І том. Мақалалар, пъесалар. 1917–1920. – Алматы: Дәуір, Жібек жолы, 2014. – 464 б.
Аймауытов Ж., Әуезов М. Абайдың өнері һәм қызметі. Абайды оқы, таңырқа... / Құрастырған, алғы сөзі мен түсініктемелерін жазған М.Мырзахметов. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 160 б.
Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. – Алматы: Санат, 1997. – 416 б.
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1 (123), 2022
ISSN-p 2306-7365
ISSN-e 2664-0686
Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. ХХ том. Монография, мақалалар. – Алматы: Жазушы, 1985. – 496 б.
Абай (Ибраһим Құнанбаев). Екі томдық шығармалар жинағы. ІІ том. – Алматы: Жазушы, 1986. – 200 б.
Абай (Ибраһим Құнанбаев). Екі томдық шығармалар жинағы. І том. – Алматы: Жазушы, 1986. – 304 б.
Толстой Л. Не могу молчать. – Москва: Советская Россия, 1985. – 528 с.
Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. Алматы: Ғылым, 1973. – 489 б.
Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. – Алматы: Ғылым, 1982. – 296 б.