ЖОЛБАРЫС ХАН ӨМІРІНЕ ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР
221 176
Кілт сөздер:
Жолбарыс хан, Абдолла хан, Қазақ хандығы, Ұлы жүз, Түркістан, Ясауи кесенесі.Аңдатпа
Қазақ тарихында өзіндік қолтаңбасын қалдырған тарихи тұлғаларымыз аз болмады. Дегенмен олардың өмір жолы туралы қайшы мәліметтер де жиі кездесіп жатады. Қазақ хандары арасында өзіндік орны бар Жолбарыс Абдоллаұлының өмірі де дәлелді деректердің аздығынан өзіндік құпияларға толы. Мақалада Жолбарыс ханның шығу тегі, оның өмірі мен қызметі, бауырлары мен балалары туралы мәліметтер тарихи оқиғалармен сабақтастықта өзара сарапқа салынады. Оның Шыңғыс әулиетінен екендігі терістелмесе де, «шығу тегінің белгісіз» аталуының себептері талданады. Әбілхайыр ханның бауыры болды, деген мәліметтің де өзіндік дұрыс жауабын қарастарылады.
Жолбарыс ханның хандық билік басындағы қызметі, оның басқару кезеңінде орын алған саяси жағдайлар мен көрші мемлекеттермен қарым-қатынастары деректермен негізделіп, талдау жасалады. Жолбарыс ханның билік құрған аймақтары мен жүргізген саясаты басты мәселелердің бірі ретінде қарастырылып, тұжырымдалады. Жоңғар шапқыншылығы, Ресеймен елшілік байланыстардың орнауы мәселелері сыртқы саясаттағы басымдық ретінде талданады. Ортақ жауға қарсы бірігіп күресу нәтижесі ретінде жоңғарлардан азат етілген аймақтар аталады. Жолбарыс хан тұсындағы елдің игі жақсыларының есімдері сол уақыттағы тарихи оқиғалармен қатысты баяндалады.
Жолбарыс ханның бүкіл өмірі сияқты, оның өлімі де бірқатар болжамды пікірлер туғызғандығы айтылады. Оның жерленген орны ретінде еліміздің рухани астанасы - Түркістан қаласы аталады. Қазақтың 21 ханының мәңгілік мекеніне айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленгендігі туралы пікір қосымша деректермен дәйектелген. Тарихи тұлғаларды ұлықтау аясында Жолбарыс ханның есімі насихатталады.
Әдебиеттер тізімі
Түркістанда жерленген хандар мен сұлтандар. – Алматы: «Золотая Книга» ЖШС, 2019. – 176 б.
Арғынбаев X., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежіресі хақында. – Алматы: Атамұра, 2000. – 464 б.
Қазақ хандары. Энциклопедиялық анықтамалық жинақ. – Алматы: Қазығұрт, 2015. – 224 б.
Ерофеева И.В. Казахские ханы и ханские династии в ХVІІІ – середине ХІХ вв. // Культура и история Центральной Азии и Казахстана: Проблемы и перспективы исследования. Материалы к Летнему Университету по истории и культуре Центральной Азии и Казахстана (4–23 августа 1997 г. Алматы). – Фонд Сорос-Казахстан. – Алматы: Ғылым, 1997. – С. 46–144.
Оловинцев А.Г., Табулдин Г.Ж. Чингизиды: династии и эпохи. – Астана: Астана, 2010. – 370 с.
Түркістан – руханият бесігі. – Нұр-Сұлтан: Нурнама.KZ, 2019. – 504 б. 7. Омарбеков Т. Жолбарыс хан // Ана тілі. 04 маусым, 2015.
[Электронды ресурс]. URL: kk.wikipedia.org/wiki/Қазақ-Жоңғар_соғысы
Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. – Алматы: Қазақстан, 1995. – 204 б.
Пищулина К.А. Казахское ханство в ХV в. В книге: История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В пяти томах. Том 2. – Алматы: Атамұра, 1997. – 680 с.
Ерофеева И.В. События и люди Казахской степи. В книге: Научное знание и мифотворчество в современной историографии Казахстана. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – 296 с.
Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингисхана. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 276 с.
История Казахстана в русских источниках ХVІ–ХХ вв. (Путевые дневники и служебные записки о поездках по южным казахским степям. ХVІІІ–ХІХ века). Т.6. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – 516 с.
Добромыслов А.И. Ташкент в прошлом и настоящем. – Ташкент: Электро-паровая типолитогр. О.А. Порцева, 1912. – 520 c.
Абылай хан. – Көкшетау: Әрекет, 2013. – 461 б.
Тоқтабай А. Төле би туралы тың деректер // Егемен Қазақстан. 10 қыркүйек, 2012 жыл.
Сәдірбекұлы Н. Жолбарыс ханның тағдыры және Ұлы жүздің дулат тайпасы. Кітапта: Памятники истории и культуры Казахстана. Возвращенное наследие Востока. – Алматы: Казахстан, 2011. – 188 с.
Гейнс А.К. Путешествие по Киргизским степям. Путешествие в Туркестан. 2 тома. – Москва: Изд-во В. Секачев, 2014. – 1132 с.
Дулатов М. Хазірет сұлтан // Түркістан. – 2019, 7 қараша. – № 44.
Аймауытов Ж. Әзірет Сұлтан // Жаңа әдебиет. – 1929. – №1. – Б. 70–81.
Дастанов О. «Әулиелі» жерлер туралы шындық. – Алматы: Қазақстан, 1967. – 80 б.