ОРТА МЕКТЕП ФИЗИКА КУРСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

112 137

Авторлар

  • РАХМЕТОВА М.Т. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • АБЫКАНОВА Б.Т. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
  • ЧОРУХ АЛИ Сакарья университеті

Кілт сөздер:

экология, тұрақты даму, элективті курс, экологиялық мәдениет, экологиялық білім.

Аңдатпа

Бұл мақалада физика курсында элективті курс арқылы экологиялық құзыреттілікті жетілдіру жолдары көрсетілген.Климат және планеталық дәрежеде көрінетін адам қызметінің басқа да әсерлері қазір бізге ресурстарды пайдалануды жаһандық деңгейде басқару қажеттілігін түсінуге мәжбүр етті. Соның ішінде экожүйеге байланысты парниктік газдар, көмірқышқыл газы, метан газы, озон қабатының жұқаруы, жер бетіне жақын температура, мұхиттың қышқылдануы, теңіз балықтарының қырылуы, жағалау суларына реактивті азоттың түсуінен оттегінің азаюына әкелуі , тропикалық ормандарды кесу, табиғи экожүйелерді егіншілікке айналдыру және жердегі биоәртүрліліктің жоғалуы сияқты көптеген мәселелер бүгінгі таңда үлкен маңызға ие. Ал осы құбылыстардың физикалық, химиялық, биологиялық факторларын зерттеу жаратылыстану пәндерінің құзіретінде. Осы уақытқа дейінгі зерттеулерге сүйенсек,оқушылардың экологиялық білімі мен тәрбиесін жетілдірудің түрлі бағыттары ұсынылады, ал жаратылыстану пәндері,соның ішінде физика пәнін оқыту арқылы оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға шақыру аз кездеседі. Негізінен қазіргі ғылыми-техникалық прогреске сай техниканың басты мәселелерін меңгеру осы физика пәні арқылы жүзеге асырылады, ал сол технологиялық процестердің физика пәні тұрғысынан адам денсаулығына қандай әсері барын, яғни қаншалықты зияны барын да оқушылар білу қажет.

Бұл зерттеудің мaқcaты – орта мектепте физика пәнін оқыту арқылы оқушыларға экологиялық білім беруді ғылыми – теориялық тұрғыдан негіздеп, физика пәнінен ұйымдастырылған оқу үдерісінде экологиялық құзыреттілікті арттыруға арналған элективті курс мазмұнын және әдістемесін ұсыну. Пәнді оқытуда бөлінген сағат аз болғандықтан,сабақтан тыс жұмыстарда оқушылардың экологиялық білімдері мен ұғымдарын дамытудың жолдарын қарастыруға тура келеді. Соның бірі – элективті курс. Ұсынылып отырған элективті курс оқушылардың экологиялық жүмыстарға белсенділігін, өз бетімен ізденуін, қоршаған ортаны қорғауға деген құштарлығы мен табиғи ортаға деген дүниетанымын арттыруға ықпал етеді. Элективті курста тақырыптық жоспарлау, оқыту әдістері мен электродинамика бөлімі бойынша әртүрлі сабақтарды өткізу формалары ұсынылған. Сонымен қатар, бұл элективті курс оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, электр энергетикасының физикалық және техникалық принциптері мен экологиялық мәселелерін жетік меңгерген тұлға қалыптастыруға үлкен мүмкіндіктер береді. Мақала ғалымдарды, әдіскерлерді, сонымен қатар қазіргі қоғамды жаңартуға атсалысатын әрбір адамды қызықтырады.

Әдебиеттер тізімі

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. [Электронды ресурс]. URL: https://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2020-zhylgy-1-kyrkuiek (қаралған күні: 02.01.2021).

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. [Электронды ресурс]. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K070000212_ (қаралған күні: 02.01.2021).

Тұяқбaeв C., Нacoxoвa Ш., Кpoнгapт Б. Физикa. 11-cынып. Жapaтылыcтaну-мaтeмaтикa бaғыты. – Aлмaты: Мeктeп, 2011. – 400 б.

Чилдебаев Д. Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының ғылыми педагогикалық негізі: пед. ғыл. канд. ... дисс. – Алматы, 2006. – 145 б.

Бейсенова Ә.С. Экология – ел тағдыры: эколог мамандарға арналған оқу құралы. – Алматы: Мектеп, 2006. – 208 б.

Сарыбеков М.Н. Теория и практика экологической подготовки будущих учителей: дисс. ... док. пед. наук. – Тараз, 1998. – 312 с.

Roczen N. Environmental competence: the interplay between connection with nature and environmental knowledge in promoting ecological behavior: PhD Thesis. – 2011. – 118 р. [Electronic resource]. URL: https://research.tue.nl/en/publications/environmental-competence-the-interplay-between-connection-with-na (date of access: 02.01.2021).

Katbaeva M.T., Baizak U.A. The Way to Organize an Elective Course on Mechanics in Specialized Training // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2021. – №3 (121). – Б. 118–128. https://doi.org/10.47526/habarshy.v3i121.739

«2022–2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»: Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2022. – 320 б.

Грабарь М.И., Краснянская К.А. Применение математической статистики в педагогических исследованиях. Непараметрические методы. – М.: Педагогика, 1977. – 136 с.

Rakhmetova M., Imashev G. The development of ecological knowledge and skills in teaching physics courses: Monograph. – Atyrau: «Raz project» centre, 2020. – 132 p.

Имашев Г. Экологическое образование и воспитание как аспект политехнического образования // Сб. научных трудов. Том 5. Серия: Экология. – Днепропетровск: Наука и образование, 2007. – С. 106–110.

REFERENCES

Jana jagdaidagy Qazaqstan: is-qimyl kezeni. Memleket Basshysy Qasym-Jomart Toqaevtyn Qazaqstan Halqyna Joldauy [Kazakhstan in new conditions: Period of action, Message of the Head of State Kassym-Jomart Tokayev to the people of Kazakhstan] [Electronic resource]. URL: https://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2020-zhylgy-1-kyrkuiek (date of access: 02.01.2021) [in Kazakh]

Qazaqstan Respublikasynyn Ekologialyq kodeksi [Environmental Code of the Republic of Kazakhstan]. [Electronic resource]. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K070000212_ (date of access: 02.01.2021) [in Kazakh]

Tuiaqbaev C., Nasohova Sh., Krongart B. Fizika. 11-synyp. Jaratylystanu-matematika bagyty [Physics. 11th grade. Physics-Mathematics]. – Almaty: Mektep, 2011. – 400 b. [in Kazakh].

Childebaev D. Oqushylardyn ekologialyq bilim mazmunynyn gylymi pedagogikalyq negizi [Scientific pedagogical basis of the content of students' environmental education]: ped. gyl. kand. ... diss. – Almaty, 2006. – 145 b. [in Kazakh]

Beisenova A.S. Ekologia – el tagdyry: ekolog mamandarga arn. oqu quraly [Ecology – the fate of the country]. – Almaty: Mektep, 2006. – 208 b. [in Kazakh]

Sarybekov M.N. Teoria i praktika ekologicheskoi podgotovki budushih uchitelei [Theory and practice of ecological training of future teachers]: diss. dok. ped. nauk. – Taraz, 1998. – 312 s.[in Russian]

Roczen N. Environmental competence: the interplay between connection with nature and environmental knowledge in promoting ecological behavior: PhD Thesis. – 2011. – 118 р. [Electronic resource]. URL: https://research.tue.nl/en/publications/environmental-competence-the-interplay-between-connection-with-na (date of access: 02.01.2021).

Katbaeva M.T., Baizak U.A. The Way to Organize an Elective Course on Mechanics in Specialized Training // Iasauı universitetіnіn habarshysy. – 2021. – №3 (121). – B. 118–128. https://doi.org/10.47526/habarshy.v3i121.739

2022–2023 oqu jylynda Qazaqstan Respublikasynyт orta bilim beru uiymdarynda oqu-tarbie procesin uiymdastyrudyn erekshelikteri turaly [On the peculiarities of the organization of the educational process in the secondary education schools of the Republic of Kazakhstan in the 2022-2023 academic year]. Adistemelik nusqau hat. – Nur-Sultan: Y. Altynsarin atyndagy UBA, 2022. – 320 b. [in Kazakh]

Grabar M.I., Krasnanskaia K.A. Primenenie matematicheskoi statistiki v pedagogicheskih issledovaniah. Neparametricheskie metody [Application of mathematical statistics in pedagogical research. Non-parametric methods]. – M.: Pedagogika, 1977. – 136 s. [in Russian]

Rakhmetova M., Imashev G. The development of ecological knowledge and skills in teaching physics courses: Monograph. – Atyrau: «Raz project» centre, 2020. – 132 p.

Imashev G. Ekologicheskoe obrazovanie i vospitanie kak aspekt politehnicheskogo obrazovania [Environmental education and vision as an aspect of polytechnic education] // Sb. nauchnyh trudov. Tom 5. Seria: Ekologia. Dnepropetrovsk: Nauka i obrazovanie, 2007. – S. 106–110. [in Russian]

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ