С. РАЕВТЫҢ «ЖАНЖАЗА» ЖӘНЕ Т. НҰРМАҒАНБЕТОВТЫҢ «ПЕРІШТЕЛЕРДІҢ ӨЛІМІ» РОМАНДАРЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ҰҒЫМДАР ҚЫЗМЕТІ

55 88

Авторлар

  • АХМЕТОВА Г.М. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

Кілт сөздер:

постотаршылдық, түс көру, сюжеттік желі, лейтмотив, Сұлтан Раев, миф.

Аңдатпа

Мақалада автор тәуелсіздіктен кейінгі тұста жазылған қазақ-қырғыз әдебиетіндегі постотаршылдықтың көрінісін бейнелеуде көркемдік әдіс қызметін атқарған фольклорлық мотив, образдардың қолданылу ерекшеліктерін қарастырған. Ресей тарапынан жүргізілген отарлаудың Орталық Азия халықтарының мәдениеті мен саяси-әлеуметтік жағдайына, салт-санасына, діни-ғұрпына тигізген теріс әсеріне ғылыми тұрғыда дәлелдемелер келтіріліп, әдебиеттанулық аспектіде зерттеу жүргізілді. Жазушылардың қарғыс, қарға, жылан, әруақ, бақсы, кек қайтару, жыланмен арбасу, құдайға қарсылық, киелі жер іздеу, киелі ағашқа мұңын айту сынды мотивтерді қоғамның өзекті мәселелерінің шешімін табуда, негізгі қаһарманды идеализациялау мақсатында қолданғаны айқындалды. Сондай-ақ, қырғыз жазушысы Сұлтан Раевтың «Жанжаза» және қазақ қаламгері Тынымбай Нұрмағанбетовтың «Періштелердің өлімі» романындағы жылан символикасының мәні мен аллегориялық сипатына салыстырмалы-типологиялық талдау жасалды.
«Жанжаза» туындысындағы адамзатқа тыйым салған – рухани цензураның кейбір элементтері ретінде жындыханадағы ауруларға киелі кітапты оқуға тыйым салынуы, Лир мен мен Ескендір Зұлқарнайын образының астарымен берілген құдайсыздық, жеке басқа табыну сюжеттерінің қызметі сараланса, «Періштелердің өлімі» шығармасында бүгінгі заман келбетін танытатын алаяқтық, халықты жапа шектіретін кәсіп көзін әшкерелеп, дағдарысқа түскен қоғамның дертін, әйел теңсіздігін сөз еткен автордың жеке интенциясы мен шығармашылық шеберлігі талданды.

Әдебиеттер тізімі

Саид Э. Ориентализм. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. – 326 б.

Қайратұлы Б. Қазақия қалай отарланды? – Алматы: BRK Press, 2019. – 400 б.

Bruno De Cordier, Adrien Fauve, Jeroen Van Den Bosch. European Handbook of Central Asian Studies: History, Politics & Societies, Stuttgart: Ibidem-Verlag, 2021. – 1021 р.

Кыргыз адабиятынын тарыхы: Фольклористика. – Бишкек: Шам, 2004. – 684 б.

Ауэзов М. О романе Султана Раева «Жанжаза» // Мысль. – 2013. – №8. – С. 69.

Раев С. Жанжаза. – Астана: Edige, 2019. – 312 б.

Нүсіпоқасұлы А. Тал бесіктен жер бесікке дейін. – Алматы: Өнер 21 ғасыр, 2014. – 592 б.

Леви-Стросс К. Мифологики: Человек голый. – М.: Флюид, 2007. – 784 с.

Токарев С.А. Ранние формы религии и их развитие. – М.: Политиздат, – 1964. – 292 с.

Фрэзер Дж. Золотая ветвь. – М.: Политиздат, 1980. – 831 с.

Нұрмағанбетов Т. Періштелердің өлімі. – Алматы: Өлке, 2016. – 352 б.

Аймұхамбет Ж. Миф. Мифология. Мифопоэтика. – Астана: Фолиант, 2016. – 184 б.

Оразов Р. Қазақ халқын рухани құлдықта, мәңгүрттік үлгіде ұстау көзделді // Аңыз адам. – 2015. – №21. – Б. 27.

Ислам Д.А., Нарметова С.Ғ. Қазіргі қазақ прозасындағы ұлттық мінезді суреттеудегі көркемдік ізденістер // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2022. – №4(126). – Б. 7–18. https://doi.org/10.47526/2022-4/2664-0686.01

Қанарбаева Б. Қазақтың наным-сенімдерінің фольклордағы көрінісі. – Алматы: Жазушы, 2004. – 288 б.

REFERENCES

Said E. Orientalizm [Orientalism]. – Almaty: Ulttyq audarma biurosy, 2019. – 326 b. [in Kazakh]

Qairatuly B. Qazakiia kalai otarlandy? [How was Kazakhia colonized?]. – Almaty: BRK Press, 2019. – 400 b. [in Kazakh]

Bruno De Cordier, Adrien Fauve, Jeroen Van Den Bosch. European Handbook of Central Asian Studies: History, Politics & Societies, Stuttgart: Ibidem-Verlag, 2021. – 1021 р.

Qyrgyz adabiiatynyn taryhy: Folkloristika [History of Kyrgyz Literature: Folklore Studies]. – Bishkek: Sham, 2004. – 684 b. [in Kyrgyz]

Auezov M. O romane Sultana Raeva «Janjaza» [About Sultan Raev's novel «Janjaza»] // Mysl. – 2013. – №8. – S. 69. [in Russian]

Raev S. Janjaza [Zhanzhaza]. – Astana: Edige, 2019. – 312 b. [in Kazakh]

Nusipoqasuly A. Tal besikten jer besikke deiin [From the willow cradle to the Earth cradle]. – Almaty: Oner 21 gasyr, 2014. – 592 b. [in Kazakh]

Levi-Stross K. Mifologiki: Chelovek golyi [Mythologics: Naked Man]. – M.: Flyuid, 2007. – 784 s. [in Russian]

Tokarev S.A. Rannie formy religii i ih razvitie [Early forms of religion and their development]. – M.: Politizdat, 1964. – 292 s. [in Russian]

Frezer Dj. Zolotaya vetv [The Golden Bough]. – M.: Politizdat, 1980. – 831 s. [in Russian]

Nurmaganbetov T. Perishtelerdin olimi [Death of Angels]. – Almaty: Olke, 2016. – 352 b. [in Kazakh]

Aymuhambet J. Mif. Mifologiya. Mifopoietika [Myth. Mythology. Mythopoetics]. – Astana: Foliant, 20167 – 184 b. [in Kazakh]

Orazov R. Qazaq halqyn quldyqta, mangurttik ulgide ustau kozdeldi [It is planned to keep the Kazakh people in spiritual slavery, in the form of Mangistau] // Anyz adam. – 2015. – №21. – B. 27. [in Kazakh]

Islam A., Narmetova S.G. Qazirgi qazaq prozasyndagy ulttyq minezdi suretteudegi korkemdik izdenister [Artistic Searches of the Description of National Characterin Modern Kazakh Prose] // Iasaui universitetіnіn habarshysy. – 2022. – №4(126). – B. 7–18. https://doi.org/10.47526/2022-4/2664-0686.01 [in Kazakh]

Qanarbaeva B. Qazaqtyn nanym-senimderinin folklordagy korinisi [Reflection of Kazakh beliefs in folklore]. – Almaty: Jazushy, 2004. – 288 b. [in Kazakh]

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-30