ЖЫЛҚЫ МАЛЫНА ҚАТЫСТЫ ҚАЗАҚЫ АТАУЛАР
117 99
Кілт сөздер:
этнолингвистика, лингвомәдени, лексика-семантикалық топ, салыстырмалы лексика, тарихи лексика, когнитивтік лингвистика, лексикалық бірлік, лексико-грамматикалық категория.Аңдатпа
Сөздің шығу түп-төркіні мен мән-мағынасының сол тілді жасайтын халықтың күнделікті тіршілік-тұрмысымен тығыз байланысты екендігі анық. Тіліміздегі сан мыңдаған атаулар өзімізге ғана тән ұлттық болмысымыздың негізгі көрсеткіші.
Тамыры тіл білімі тарихының тереңінде жатқан, кейбірі көпшілік жадынан шыға бастаған ұлтымыздың болмысы мен бейнесін сипаттайтын атаулар мен солар негіз, ұйтқы болып қалыптасқан фразеологиялық тіркестерді «тіл мен ұлт біртұтас» қағидасына сәйкес лингвомәдени сипатта қайта жаңарта қараудың, кейінгі ұрпаққа қалдырудың мәні зор. Әсіресе, қазіргідей жаһандану үдерісі белең алған қоғамда әлеуметтік, мәдени-психологиялық, дүниетанымдық көзқарастардың зырылдап алға жылжыған шағында сан ғасырлар бойы халық жадында сақталып келген ұғым атауларының ондаған жыл, тіпті аздаған уақыт көлемінде жоғалып, ұмыт болуы да әбден мүмкін.
Мақалада тіліміздегі халқымыздың тіршілігімен тығыз байланысты мал атаулары, оның ішінде жылқының жас мөлшерлік сипатын білдіретін атауларын негізге ала отырып, авторлар сол сияқты ұлт, халық тіршілік болмысын білдіретін тілдік деректерді жинақтап, олардың этно, лингвомәдени табиғатын ашып зерттеудің, кейінгі ұрпаққа мәңгілік мұра ретінде қалдырудың маңыздылығын тілге тиек етеді.
Әдебиеттер тізімі
Қайдар Ә. Қазақтар ана тілі әлемінде. – Алматы: Сардар, 2013. – 728 б.
Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние
времена. – М.-Л.: Изд. АН СССР, 1950. – 381 с.
Бейсенова М. Түркі тілдеріндегі мал атаулары. – Шымкент: Нұрлы бейне, 1997. – 56 б.
Радлов В.В. Қазақтардың малдары. Тіл қазынасы – елдік құндылық // Ана тілі. 2015. –
мамыр.
Мұқанов С. Қазақ қауымы. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 304 б.
Оразбаева Ф.К. Әбубәкір Диваев – фольклорист. – Алматы: Білім, 2012. – 192 б.
Күмісбаев Ө. Шығыс шайырлары. – Алматы: Дәуір, 2015. – 312 б.
Щербак А.М. Названия домашних и диких животных в тюрских языках // Историческое
развитие лексики тюркских языков. – М.: Изд. АН СССР, 1961. – 467 с.
Нұрмахамбетов Ә. Қазақ тіліндегі атаулар тарихы. – Алматы: Қайнар, 1998. – 125 б.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Атамұра, 2010. – 608 б.
Ермекова Т. Қазақ тілінің функционалды грамматикасы. – Алматы: Қазақ университеті,
– 467 б.
Панзарбекова Р.З. Қазақ тіліңдегі жануарлар төлі атауы: фил. ғыл. канд. ... дис. –
Алматы, 1998. – 114 б.
Манкеева Ж. Тіл арқылы рухани жаңғырудың этномәдени кодтарын ашу //
Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-нің Хабаршысы. – 2017. – №4. – 437 б.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / бас ред. Т. Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. –
б.