ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ ЖӨНДЕЛУ ЖАҒДАЙЫ, ЗЕРТТЕЛУІ (XIX ғ.–XX ғ. басы)

251 153

Авторлар

  • Д. МҰСТАПАЕВА Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

Қожа Ахмет Ясауи, Әзірет Сұлтан, Түркістан, кесене, ескерткіш, ғимарат, зиярат, зерттеу.

Аңдатпа

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және оның жанындағы көне ғимараттар сан ғасырлар бойы көптеген саяси- экономикалық, тарихи өзгерістердің куәсі болған орындар. XII ғ. елдің зиярат ететін орыны болған бұл киелі орын XIV ғ. Әмір Темірдің кезеңінде қайта жаңғыртылып салынды. Кейінгі қазақ хандығының астанасы болған тұста көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған бұл киелі орынның 19 және 20 ғ. басындағы жағдайы, кесене және оның маңындағы тарихи орындардың жағдайы берілген мақалада баяндалады. Мақалада XIX ғасырдың басында, Қоқан билігі кезеңіндегі кесененің және оның ішіндегі бөлмелердің, кесенені қоршаған қала қорғандарының жағдайы, көптеген ғасырлар бойы Әзірет Сұлтан жанына орныққан ескерткіштер туралы айтылады. Әзірет Сұлтан кесенесі, оның жанындағы кесенелер тағдырының Қоқан дәуірі, Орыс империясының билігі кезеңіндегі жүргізген саясаттары, іс-әрекеттеріне байланысты болғаны белгілі. Бұл жайында, кесене жағдайы туралы сол кезде жазып, деректер қалдырған зерттеушілер жазбалары, әскери адамдар мен ғалымдардың зерттеулерінен, суреттер мен фото суреттерден көруге болады.
XIX ғ. Әзірет Сұлтан кесенесіне байланысты жарияланған М.С. Бекчурин, П.И. Лерх, И.И. Пашино, А.К. Гейнс, т.б. жазба деректері, В.В. Верещагиннің суреттері мен Түркістан альбомының, Түркістан археология әуесқойларының үйірмесінің жұмысы ерекше болды. П.Н. Ахмеров, Ә. Диваев, Н.С. Лыкошин, т.б. зерттеушілер өз мақалалары мен зерттеу жұмыстарында кесене туралы жан-жақты зерделеді. Мақалада XIX ғасыр, XX ғ. басындағы кесене, кесененің жағдайы, зерттелуі, жөнделуі туралы баяндалады.

Әдебиеттер тізімі

Смагулов Е.А., Григорьев Ф.П., Итенов А.А. Средневековая археология города Туркестана. – Туркестан: Мирас, 1998. – 226 с.

Северцев Н. Месяц плена у коканцев. Сочинение Н. Северцева с картою низовьев Сыр-Дарьи. – СПб., 1860.

Бекчурин М. С. Описание мечети Азрета находящейся в городе Туркестане: Военный сборник. – СПб., 1866. – №8. –243 с.; Лерх П. Археологическая поездка в Туркестанский край в 1867 году. – Санкт-Петербург: Типография Императорской Академии наук, 1870. – 39 с.; Пашино П.И. Туркестанский край в 1866 г. (путевые заметки). – С-Петербург, 1868. –176 с.

Верещагин В.В. От Оренбурга до Ташкента. 1867–1868 гг. // Всемирный путешественник. – 1874. – №5; Гейнс А.К. Священный город Туркестан. Дневник 1866 года // Собрание литературных трудов А.К.Гейнса. – СПб., 1898.

Ахмеров П.Н. Описание мечети Ахмеда Ясави // Известия общества археологии, истории и этнографии при Казанском университете. 1896. Т.13. вып.6. С. 530–537; Диваев А.А. Жалованная грамота данная Тимуром Туркестанской мечети Азрета Ясави / перевод с персидского // Туркестанские ведомости. – 1901. – №39, 41; Лыкошин Н.С. Суеверие киргиз, связанных с Туркестанской мечетью Хазрет Султана // Туркестанские ведомости. – 1902. – №17.

Массон М.С. Мавзолей Ходжа Ахмеда Ясави (қазақ және орыс тілдерінде). – Шымкент: Жібек Жолы, 2000. – 74 с.

Султанов У.С. Русский востоковед А.Л. Кун и его коллекция исторических документов мазара Ахмеда Ясави // Восточный архив. – 2014. – №1(29). – С. 76–83.

Наливкин В. Краткая история Кокандского ханства. – Казан: Типография императорского университета, 1886. – 215 с.

Путевые дневники и служебные записки о поездках по южным степям. XVIII–XIX века. В кн.: История Казахстана в русских источниках XVI–XX веков. Том VI. – Алматы: Дайк-пресс, 2007. – С. 260.

Исторические документы мавзолея Ходжа Ахмеда Йасави / Муминов А.К., Кумеков Б.Е., Султонов У.А., Шуховцов В.Т., Кенжетаев Д.Т., Кабылов А.С., Утепбергенов У.А., Айбасов А.А. – Астана, 2017. – 216 с.

Шуховцов В.К. Письменные документы из города Туркестана // Казахстан в эпоху феодализма. – Алма-Ата, 1981.

Нұрмұхамедов Н.-Б. Ахмед Ясауи сәулет ғимараты. Альбом. – Алматы: Өнер, 1988. – 168 б.

Кун А.Л. Түркістан альбомы. 1871–1872 [Мәтін]: тандаулы фотосуреттер. – 2005. – 168 б.

Набиев Р.Н. Из истории Кокандского ханства (феодальное хозяйство Худояр хана). –Ташкент: Фан, 1973. – 271 с.

Тұяқбаев М. Төрт қақпалы Түркістан // Ясауи мұрасы. – №1(13). Қаңтар. 2018.

Түркістан альбомы. – Астана: Елорда, 2005. – 228 б.

Жүсіпбек Аймауытов. Әзірет Сұлтан (Қожа Ахмет Ясауи). Кіт.: Әзірет Сұлтан (таңдаулы мақалалар). – Шымкент: Жібек жолы, 2000. – 64 б.

Міржақып Дулатұлы. Әзірет Сұлтан. Кіт.: Әзірет Сұлтан (таңдаулы мақалалар). – Шымкент: Жібек жолы, 2000. – 64 б.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХ