Қазақ поэзиясындағы шағын шумақтардың зерттелу ерекшелігі
67 80
Кілт сөздер:
поэзия, жанр, ақын, рубаи, әдебиет, өлең, салт-дәстүр.Аңдатпа
Мақала қазақ әдебиетінің көне жанры «қара өлеңнің» генезисін, даму
ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Қазақ халқының тұрмыс салты, мәдениеті мен әдебиетінен хабар беретін «қара өлеңнің» жырлану ортасы, таралу аймағы сөз болады.
Жанрдың сипаты, анықтамасы туралы ғалымдардың пікірлері қарастырылған. Қара өлеңді зерттеген: Ш. Уәлиханов, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев, Б. Уақатов, З. Ахметов, Ғ. Доскенов, тағы да басқа белгілі ғалымдар екені белгілі. Аты аталған бірнеше ғалымның пікірлерінен мысал келтірілді. Елімізге белгілі ақын Оразақын Асқардың қара өлең жинаудағы еңбегі де сөз етіледі.
Би-шешендердің, жыраулардың айтып кеткен бір шумақтық өлеңдері назарға алынып, талданады. Қазақ поэзиясындағы өзіндік орны қалыптасқан қара өлеңнің табиғаты, мазмұн ерекшелігі, тақырыбы сараланады.
Жанрдың ерекшелігі – бір ғана шумақпен үлкен философиялық мағына береді, төрт жолмен өмірдің сан түрлі құбылыстарын танытады. Ел билеген тұлғалар өздерінің даналық ойларын қара өлең арқылы қалың көпшілікке жеткізіп отырған. Бізге дейін жеткен сол шумақтардың мәні, мағынасы мақалада қарастырылады.
Өлеңді шығарушы да, таратушы да халықтың өзі. Сол шығарылған шумақтар ауызданауызға жетіп, тіпті әнге қосылып айтылып отырған. Тойларда, жиындарда жастар жағы бір шумақтық жырды әнмен әуелеп, екеуара айтысқан, домбырамен сайысқа түскен. Мақалада жанрдың жырлануы, түрі, сипаты, ерекшелігі зерттелген.
Әдебиеттер тізімі
Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. – Астана: Фолиант, 2002. – 408 б.
Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Б. Аяған. 7-том. – Алматы: Қазақстан
энциклопедиясы, 2005. – 728 б.
Хамраев М.К. Основы тюркского стихосложения. – Алматы: Изд-во Академии наук Казахской ССР, 1963. – 215 с.
Әдебиеттану: Терминдер сөздігі /Құраст. З. Ахметов, Т. Шаңбаев. – Алматы: Ана тілі, 1996. – 240 б.
Қара өлең / Құраст. О. Асқар. – Алматы: Жалын, 1997. – 640 б.
Тілеужанов М. Ел әдебиеті. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 176 б.
Оразақын А. Қара өлең философиясы // Егемен Қазақстан. – 1997. – 24 желтоқсан.
Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. – Алматы: Ғылым, 1974. – 288 б.
Сейдімбеков А. Табиғат пен таным // Жалын. – 1988. – №14. – 112 б.
Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы. 1-том. Жыр тағылымы / Құраст.: С. Қалиев, К. Аюбаев. –
Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – 408 б.
Мұқашев Т., Мұқашева А. Әдебиеттегі ұлттық дүниетаным мен идеология көрінісі // Ясауи
университетінің хабаршысы. – 2019. – №2 (112). – Б. 133–143.
Дала фольклорының антологиясы: Он томдық. Т. 9. Халық өлеңдері / Томды құраст., баспаға дайынд. Т. Әлбеков, Т. Әкімова, Е. Еркін, О. Жолдыбай. – Алматы: Brand Book, 2020. – 452 б.
REFERENCES
Ahmetov Z. Poezia shyny – danalyq [The pinnacle of poetry is wisdom]. – Astana: Foliant, 2002. – 408 b. [in Kazakh]
Qazaqstan. Ulttyq enciklopedia [Kazakhstan. National Encyclopedia] / Bas red. B. Aiagan. 7-tom. – Almaty: Qazaqstan enciklopediasy, 2005. – 728 b. [in Kazakh]
Hamraev M.K. Osnovy tiurkskogo stihoslojenia [The basics of Turkic versification]. – Almaty: Izd-vo Akademii nauk Kazahskoi SSR, 1963. – 215 s. [in Russian]
Adebiettanu: Terminder sozdіgі [Literary studies: Dictionary of terms] / Qurast. Z. Ahmetov, T. Shanbaev. – Almaty: Ana tіlі, 1996. – 240 b. [in Kazakh]
Qara olen [Kara Olen] / Qurast. O. Asqar. – Almaty: Jalyn, 1997. – 640 b. [in Kazakh]
Tіleujanov M. El adebietі [Country literature]. – Almaty: Ana tіlі, 1992. – 176 b. [in Kazakh]
Orazaqyn A. Qara olen filosofiasy [Philosophy of Kara Olen] // Egemen Qazaqstan. – 1997. – 24 jeltoqsan. [in Kazakh]
Uahatov B. Qazaqtyn halyq olenderі [Kazakh folk poems]. – Almaty: Gylym, 1974. – 288 b. [in Kazakh]
Seidіmbekov A. Tabigat pen tanym [Nature and cognition] // Jalyn. – 1988. – №14. – 112 b. [in Kazakh]
Qazaqtyn talіmdіk oilar antologiasy. 1-tom. Jyr tagylymy [Anthology of Kazakh educational thought. Volume 1. Poem lessons] / Qurast.: S. Qaliev, K. Aiubaev. – Almaty: Sozdіk-Slovar, 2005. – 408 b. [in Kazakh]
Muqashev T., Muqasheva A. Adebiettegі ulttyq dunietanym men ideologia korіnіsі [Reflection of the National worldview and ideology in literature] // Iasaui universitetіnіn habarshysy. – 2019. – №2 (112). – B. 133–143. [in Kazakh]
Dala folklorynyn antologiasy: On tomdyq. T. 9. Halyq olenderі [Anthology of Steppe folklore: in ten volumes. Vol. 9. Folk poems] / Tomdy qurast., baspaga daiynd. T. Albekov, T. Akіmova, E. Erkіn, O. Joldybai. – Almaty: Brand Book, 2020. – 452 b. [in Kazakh]