Ортағасырлық Сығанақ қаласының шығыс қақпасы мен қамал қабырғаларының зерттелуі

188 116

Авторлар

  • К. Жетібаев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Б. Сиздиков Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • М. Бахтыбаев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • М. Гурсой Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

Сығанақ қаласы, қақпа, қамал, Сырдария, ортағасыр, ортағасырлық қалалар.

Аңдатпа

Мақалада Сығанақ қаласында жүргізілген зерттеулерді және ортағасырлық тарихи деректерді топтастыра отырып, қаланың қазақ халқының өткен тарихында алар орны мен маңызына қысқаша шолу жасалады. Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық ірі орталықтардың бірі болған Сығанақ қаласы, ерте заманнан-ақ мәдениеті мен экономикасы, қолөнері мен саудасы, егіншілігі мен мал шаруашылығы қатар дамыған Сыр бойындағы маңызды қалалардың бірі болды. ХІ–ХІІІ ғасырлар аралығында Қыпшақ хандығының басты орталықтарының бірі ретінде танылса, ХІV–ХV ғасырларда Ақ Орданың астанасы, ал ХV–ХVІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болып, хандықтың саяси және экономикалық орталығына айналды. Ортағасырлық Сығанақ қаласының қорғаныс жүйесі, соның ішінде қақпасы мен қамал қабырғаларының аз зерттелуіне байланысты, аталмыш тақырып аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қаланың қорғаныс жүйесінің өзіндік ерекшелігін анықтап, ғылыми айналымға енгізуді жөн санадық. Мақалада Сығанақ қаласында жүргізілген археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне тоқтала отырып, қаланың шығыс қақпасы мен қамал қабырғаларының архитектуралық ерекшелігіне, жасалу технологиясы мен құрылыс материалдарына талдау жасалынды. Сонымен қатар, аймақтағы ортағасырлық қалалардың қақпаларымен салыстырмалы талдау жасалынып, қосымша ғылыми тұжырымдар айтылды. Қазба жұмысы барысында алынған заттай деректер негізінде қаланың шығыс қақпасы мен қамал қабырғаларының мерзімі анықталды.

Әдебиеттер тізімі

Жолдасбаев С. Ортағасырлық Сығанақ қаласы (X–XVІІІ ғғ.). – Түркістан: Тұран баспасы, 2009. – 246 б.

Лерх П. Археологическая поездка в Туркестанский край в 1867 году. – СПб.: Типография императ. акад. наук, 1870. – 38 с.

Смирнов Е.А. Древности на среднем и нижнем течении р. Сырдарьи // ПТКЛА от 17 февраля 1897. – 7 с.

Каллаур В.А. Древние города Саганак (Сунак), Ашнас или Эшнас (Асанас) в Перовском уезде, разрушенные Чингиз-ханом 1219 г. / ПТКЛА. Приложения к протоколу от 7 февраля 1900.

Кастанье И.А. Надгробные сооружения киргизских степей. – Оренбург, 1911. – С. 189–192 .

Якубовский А.Ю. Развалины Сыгнака / Сообщения ГАИМК. 1929.

Бернштам А.Н. Проблемы древней истории и этногенеза Южного Казахстана / Известия АН Каз ССР. Серия археологическая. Выпуск 2. – Алматы, 1949. – С. 59–99.

Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана / Труды ИИАЭ АН Каз ССР. Т.5. – Алматы, 1958. – 215 с.

Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. – Алматы, 1970. – 207 с.

Жолдасбаев С., Мургабаев С., Бахтыбаев М., Нурханов Б., Арынов Қ. 2011 жылы Ортағасырлық Сығанақ қаласында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының есебі. – Түркістан, 2011. – 133 б.

Жолдасбаев С., Мургабаев С., Бахтыбаев М., Нурханов Б., Арынов Қ. 2012 жылы Ортағасырлық Сығанақ қаласында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының есебі. – Түркістан, 2012. – 145 б.

Жолдасбаев С., Мургабаев С., Бахтыбаев М., Нурханов Б., Арынов Қ. 2013 жылы Ортағасырлық Сығанақ қаласында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының есебі. – Түркістан, 2013. – 49 б.

Акылбек С.Ш. Цитадели Отрара / Археологияның шыңына шыққан К.А. Ақышевтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Қазақстан территориясындағы ежелгі және ортағасырлық мемлекеттер» атты халықаралық ғылыми конференция материалдарының жинағы. – Алматы, 2014. – Б. 413–430.

Елеуов М., Ақымбек Е., Қалиев С,. Әлжанов Р. Тұран археологиялық экспедициясының 2005 жылы Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жасаған «Ортағасырлық Сауран қаласы» келісім шарт тақырыбында жүргізген зерттеулері. – Түркістан, 2005. – Б. 8–26.

Жолдасбаев С., Жетібаев К., Бахтыбаев М., Мургабаев С., Арынов Қ., Сиздиков Б., Гурсой М., Амантуров М., Малдыбекова Л. «Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырысы бойынша орындалған «Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы Сығанақ қалашығына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу» тақырыбы бойынша 2019 жылы атқарылған ғылыми-зерттеу жұмыстары жайлы есеп. – Түркістан, 2020. – 118 б.

Жолдасбаев С., Жетібаев К., Бахтыбаев М., Мургабаев С., Арынов Қ., Сиздиков Б., Гурсой М., Амантуров М., Малдыбекова Л. «Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырысы бойынша орындалған «Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы Сығанақ қалашығына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу» тақырыбы бойынша 2019 жылы атқарылған ғылыми-зерттеу жұмыстары жайлы есеп. – Түркістан, 2019. – 161 б.

Жетібаев К., Жолдасбаев С., Арынов Қ., Бахтыбаев М. Сығанақ қалашығында 2019 жылы жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелері // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2020. – №2 (116). – Б. 312–325.

Zholdasbaev S., Aldabergenova M. The medival town of Kazakhstan // Asian Social Science. Volume 9, Issue 5, 2013. – P. 73–82.

Жолдасбаев С., Жетібаев К., Бахтыбаев М., Арынов Қ. Сығанақ қалашығының шығыс қақпасында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2019. – №1 (111). – Б. 7–17.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХ