Хз. Пайғамбар [с.а.у.] кезеңіндегі Византия империясымен байланыстар

333 137

Авторлар

  • Жасим Авжы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

Хз. Пайғамбар, Ислам, Византия, Геракл, Мута шайқасы, Тәбук жорығы.

Аңдатпа

Мұсылмандар үшін Хз. Пайғамбар [с.а.у.] кезеңі он бес ғасырлық ислам тарихының ең маңызды кезеңін құрайды. Өйткені Хз. Пайғамбардың сөздері де, амалдары да кейінгі кезең үшін маңызды дереккөздердің біріне айналды. Орталығы Мәдина болып табылатын Хз. Пайғамбардың басшылығындағы ислам мемлекетінің сол кезеңдегі екі алпауыт державаны құраған Сасанидтер және Византия империясымен жасаған байланыстары осы тұрғыдан маңызды болып табылады.

Мұхаммед пайғамбар [с.а.у.] Меккедегі араб қауымына ислам дінін жеткізген жылдары Араб түбегінің солтүстігіндегі жерлер Византия-Сасанидтер күресінің алаңы болды. Осы үдерісте мүшрик (пұтқа табынатын) Меккеліктер отқа табынатын Сасанидтерге қолдау көрсетсе, таухид сенімін ұстанатын мұсылмандар эмоционалды түрде әһли кітаптардан Византиялықтарға қолдау көрсеткен болатын. Мәдинада хижраның жетінші жылы (м. 628) Хз. Пайғамбар сол уақыттың көрнекті билеушілеріне ислам дінін қабылдауға шақырып хат жолдады. Осы билеушілердің бірі Византия императоры Геракл (610–641) Құдыста болған кездері Пайғамбар елшісі Дихйе б. Халифа әл-Кәлбиді қабылдады. Хз. Пайғамбар Византияның Мысыр губернаторы және одақтас Гассани әміршісіне де елші жіберіп исламға шақырды. Хз. Пайғамбардың Бусра губернаторына жіберген елшінің Гассани әміршісі тарапынан өлтірілуі, Ислам-Византия байланыстарында жаңа кезең мен шиеленіске жол ашты. Хз. Пайғамбар Гассанилерге қарай әскер жібергеннен кейін Гассанилер Византиядан көмек сұрайды. Осылайша 8/629 жылы болған Мута шайқасында алғаш рет мұсылмандар Византия әскерлерімен бетпе-бет келеді. Ислам әскерлері сан жағынан өте көп болған Византия-Гассани одақтас күштердің алдында кері шегінуге мәжбүр болды. Хижраның 9-шы (м. 630) жылы Византияның ислам жерлеріне шабуыл жасауға дайындалып жатқаны туралы хабарды естіген Хз. Пайғамбар 30 000 адамнан тұратын әскердің басында өзі жорықты бастап, Тәбукке қарай жолға шықты. Ол жерде Византия әскерлерімен жолықпағандықтан кері қайтты. Ал, жақын маңдағы кейбір елді мекендерге әскери бірліктер жіберіліп, аймақ бақылауға алынды.

Әдебиеттер тізімі

Georg Ostrogorsky, Bizans Devleti Tarihi [History of the Byzantine State] / Çev. Fikret Işıltan. – Ankara: Türk Tarih Kurumu, 1991. – 582 s. [in Turkish]

Stratos A.N. Byzantium in the Seventh Century 602-634 (trc. M. O. Grant), Adolf M. Hakkert, Amsterdam 1968.

Işın Demirkent, “Herakleios”, Türkiye Diyanet Vakfı İslâm Ansiklopedisi (DİA), XVII, 211. [in Turkish]

Ebû İshâk el-Fezârî, Kitâbü’s-Siyer [The Book of al-Sîrah] (nşr. Fârûk Hamâde), Müessesetü’r-Risâle, Beyrut1987. [in Arabic]

Taberî, Câmi‘u’l-beyân fî Tefsîri’l-Kur’ân [Interpretation of the Qur’an], el-Matba‘atü’l-Meymeniyye, Mısır 1321. [in Arabic]

Casim Avcı, İslâm-Bizans İlişkileri (610-847) [Relations between Byzantium and Islam], Türk Tarih Kurumu, Ankara 2018. [in Turkish]

İbn Kesîr, Tefsîru’l-Kur’âni’l-Azîm [Interpretation of the Qur’an] , Dâru İhyâ’i’t-Türâsi’l-Arabî, Kahire 1971. [in Arabic]

Sarıçam, İbrahim, Hz. Muhammed ve Evrensel Mesajı [The Prophet Muhammad and His Universal Message], Diyanet İşleri Başkanlığı Yayınları, Ankara 2012. [in Turkish]

Buhârî, Sahîhu’l-Buhârî, I-VIII, Çağrı Yayınları: İstanbul 1981. [in Arabic]

Müslim, Sahîhu Müslim, I-V, Çağrı Yayınları: İstanbul 1981. [in Arabic]

Taberî, Târîhu’l-Ümem ve’l-Mülûk [History of Nations and Kings] [Nşr. Ebü’l-Fazl İbrahim], I-XI, Dâru Süveydân, Beyrut, 1967. [in Arabic]

Hamidullah, Muhammed, İslâm Peygamberi [The Prophet of Islam] [Çeviren: Salih Tuğ], I-II, İrfan Yayınevi, İstanbul 1990. [in Turkish]

A. Öngül, “Dagâtır”, DİA, VIII, 399, 400. [in Turkish]

İbn Sa‘d, et-Tabakâtü’l-Kübrâ [The Book of Major Classes], Dâru Sâdır, Beyrut 1985. [in Arabic]

Hamidullah, Muhammed, Hz. Peygamber’in Altı Orijinal Mektubu [Six Orijinal Letters of the Prophet Muhammad] [Çev. Mehmet Yazgan], İrfan Yayınevi, İstanbul 1990. [in Turkish]

Theophanes, The Chronicle of Theophanes A.D. 602-813 [trc. Harry Turtledove], University of Penncylvania, Philadelphia 1982.

Nikephoros, Short History (nşr. ve trc. Cyril Mango), Dumbarton Oaks Research Library and Collection, Washington, D.C. 1990 s. 67, 185 (Neşredenin notu).

İbn Hişâm, es-Sîretü’n-Nebeviyye [The Life of the Prophet] [Neşreden: Muhammed es-Sakkâ ve dğr.] I-IV, Mustafa el-Bâbî el-Halebî, Kahire 1955. [in Arabic]

İbn Sa‘d, et-Tabakâtü’l-Kübrâ [The Book of Major Classes] [Nşr. İhsan Abbas], I-IX, Dâru Sâdır, Beyrut 1985. [in Arabic]

Vâkıdî, Kitâbü’l-Megâzî [The Military Operations of the Prophet], Neşreden: Marsden Jones, IIII, Alemü’l-Kütüb, Beyrut 1404/1984. [in Arabic]

İsmail Yiğit, “Tebük Gazvesi”, DİA, XL, 230. [in Turkish]

Ahmed b. Hanbel, Müsned, I-V, Çağrı Yayınları: İstanbul 1981. [in Arabic]

Ebû Ubeyd, Kitâbü’I-Emvâl [The Book of Treasure] (nşr. H.M. Herâs), Mektebetü Külliyyât’il-EzheriyyeKahire 1968. [in Arabic]

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ, ДІНТАНУ