ТҮРКІСТАН ДӘУІРІШТЕРІНІҢ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ (XIX ғ. екінші жартысы)

24 31

Авторлар

  • Д. МҰСТАПАЕВА Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

Әзірет Сұлтан, Түрістан, ислам, дәуіріш, ишан, ел.

Аңдатпа

Мақалада XIX ғ. екінші жартысында қазақ жеріндегі, Түркістан өлкесіндегі
жергілікті елдің ғасырлар бойы ұстанған рухани құндылықтары туралы зерттеген
зерттеушілер еңбегіндегі тұжырымдар мен зерттеулер қамтылады. Ресей құрамына енген
кезеңдегі жүргізілген ғылыми зерттеулер авторлардың еңбектері, жергілікті елдің діни
сенімі, рухани құндылығы, ағарту, саяси-экономикалық, тұрмыс-тіршіліктерінің ерекшелігі
мен қалыптасқан дәстүрлерін көрсетеді. Осыған орай Түркістан өлкесіне арнайы
қызметтермен, ғылыми мақсаттармен келген П.Поздневтің, Н.С.Лыкошин, В.В.Верещагин,
Ә.Диваев сол кезеңдегі елдің саяси-әлеуметтік, экономикалық, рухани ұстанымдары мен
салт-дәстүр, наным-сенімдерін зерттеп, ғылыми басылымда жариялап отырған.
П.Поздневтің ислам дәуіріштерінің өмірлері мен рухани ұстанымдарын зерттеуі
христиан дінін ұстанған тұлғаның дінді іштен зерттеп, оның рухани тұғырын зерделеп, оны
саяси мақсаттарда қолдануға негізделген. Орта Азияда, Түркістан өлкесінде көптеген
жылдар қызмет еткен Н.С.Лыкошин Түркістан халқының рухани өмірін, экономикалық
дамуын, статистикалық тұрғыда зерттеп, сопылық ілімге байланысты зерттеулер мен Қожа
Ахмет Ясауи хикметін аударумен, кесенелердегі діни рәсімдер, жасалған рухани ас туралы
зерттеп жазуымен ерекшелінген. Өз кезегінде В.В.Верещагин, Ә.Диваев дәуіріштер
мәдениеті, ишандардың елге жасаған қайырлы істері, жергілікті елдің өмір салты мен
уақыптар жағдайы, каландар, маддахтар туралы ғылыми зерттеулерін жазып жариялады.
Бұл зерттеулер жаңа жерді жаулап алу саясатындағы іс-шаралардың жүргізу мақсатына
негізделді, Осы зерттеулердің елдің мәдениетін, дәуіріштер мәдениетін зерттеп көрсетуі
мақалада баяндалады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-17

Журналдың саны

Бөлім

философия