Журнал туралы
«Hikmet» ғылыми зерттеу журналы 2024 жылы қаңтар айында өз жұмысын бастады. Журналдың негізін қалаушы және баспагері - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.
Журнал жылына 4 рет шығады.
Журнал мақалалары CrossRef дерекқорында тіркеледі және әр автордың мақаласына DOI - электронды құжаттарға сілтеме, анықтама беру және шығару үшін қолданылатын сандық объект идентификаторы тағайындалады.
Журналдың редакция алқасына қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар кіреді.
Журнал авторлық басылымдардың ақпараттық ашықтығы мен қол жетімділігі саясатын ұстанады; мақалалар журналдың сайтында үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) толық мәтінді қол жетімділікте орналастырылады.
Журналдың мақсаты - философия, мәдениеттану, дінтану мен исламтану ғылымдар саласындағы өзекті мәселелерді зерттеу, нәтижелерін жариялау; ғылыми тәжірибелік пікір алмасу алаңын қалыптастыру.
Журналдың міндеттері:
- сарапшы мамандарды және қоғамды философия, мәдениеттану, дінтану және исламтану саласындағы өзекті мәселелер мен үрдістер туралы ақпараттандыру;
- философия, мәдениеттану, дінтану және исламтану саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін жариялауға көмектесу;
- философия, мәдениеттану, дінтану және исламтану саласында жұмыс істейтін қазақстандық және шетелдік ғалымдардың өзара әрекеттесу кеңістігін кеңейту;
- жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қамту, ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін жариялауға қолдау көрсету.
Журналдың тақырыптық бағыттары - философия, мәдениеттану, дінтану және исламтану мәселелері, әлемдік деңгейдегі ғалымдардың еңбектеріне шолу жасайтын мақалалар.
Журнал нөмірлерінің жалпы тақырыптары ғылыми басылымның негізгі бағыттары аясында редакциялық алқа және ғылыми редакторлармен келісіле отырып анықталады.
Журналды шығару мерзімділігі
Журнал белгіленген мерзімде желілік (электрондық) және қағаз нұсқада жылына 4 рет (3 айда бір рет) шығарылады, атап айтқанда: бірінші нөмір ағымдағы жылдың 30 наурызына дейін, екінші нөмір – ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін, үшінші нөмір – ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін және төртінші нөмір – ағымдағы жылдың 30 желтоқсанына дейін шығарылады. Журналға мақала жариялау ақысыз.