Қожа Ахмет Ясауи және «Диуани хикметке» байланысты Түркия мен Қазақстанда жасалған зерттеулер

139 118

Авторлар

  • Шахида БЕЙЛУР Анкара Йылдырым Беязит университеті

Кілт сөздер:

Ахмет Ясауи, Диуани хикмет, хикметтер, Қазақстан, тасаввуф, Түркия.

Аңдатпа

Қожа Ахмет Ясауи – ислам дініндегі түркілер үшін ерекше орын алатын тұлғалардың бірі. Сондықтан да оның хикметтері, хикметтерінің тілі және оның хикметтерінің қазіргі тіліміз бен мәдениетімізге әсері жайында кӛптеген зерттеулер жасалып та келе жатыр. Қожа Ахмет Ясауидің ең негізгі еңбегі – түрік тіліндегі ӛлеңдер жинағы «Диуани хикмет». «Диуани хикметтен» басқа да Ясауиге тиесілі бірнеше еңбек бар. Қожа Ахмет Ясауиге байланысты жасалған зерттеулердің бастауын ХІІ ғасырға дейін алып баруға болады. Дегенмен бұл зерттеудің ХV ғасырдан соң, әсіресе Қазан, Ташкент, Стамбұл қалаларында «Диуани хикметтің» тасбаспалары шыға бастаған ХІХ ғасырдың ортасынан кейін қарқын ала бастағанын кӛруге болады.
Бұл мақалада Қожа Ахмет Ясауидің ӛмірі, шығармалары және әсері туралы қысқаша кіріспе жасалып, Қожа Ахмет Ясауи және оның шығармаларына байланысты Түркия мен Қазақстанда жасалған зерттеу жұмыстарына шолу жасалады.

Автор өмірбаяны

Шахида БЕЙЛУР, Анкара Йылдырым Беязит университеті

Докторант

Жүктеулер

Жарияланды

2021-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи