МАТЕМАТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

283 396

Авторлар

  • К.Ж.НАЗАРОВА
  • Г.Е.КУМИСБАЕВА
  • Е.Т.БАЛКИБАЕВ

Аңдатпа

Бұл мақалада білім беруді цифрландыру жағдайында математика элементтерін оқытуды тиімді ұйымдастыру негізінде интерактивті оқыту әдістерін қолдану қарастырылды. Білім  берудегі ең өзекті мәселелердің бірі оның сапасын арттыру болып табылады. Бұл мәселені шешу білім беру мазмұнын жетілдіруге, білім беру үдерісін ұйымдастырудың технологиялары мен әдістерін жаңғыртуға байланысты. Мемлекеттік білім беру стандарттарын енгізу құзыреттілік тәсіл негізінде оқыту үрдісінде цифрлық білім беру ресурстарын оқытудың интерактивті әдістері негізінде қолданудың маңыздылығы өзектендірілді.

Зерттеу барысында орта мектеп математика курсын оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын оқытудың интерактивті әдістері негізінде қолданудың тиімділігін көрсету мақсатында бақылау, педагогикалық эксперимент, сауалнама әдістері қолданылды. Сонымен қатар оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін миға шабуыл, Кейс-стади әдістері де қоса қолданылды.

Жүргізілген зерттеу математиканы оқыту процесінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану әрбір оқушы үшін сабақта тілдің сөйлеу тәжірибесін айтарлықтай арттыруға, барлық оқушылардың оқу материалын меңгеруіне қол жеткізуге, сондай-ақ әр түрлі дамытушы және тәрбиелік міндеттерді шешуге мүмкіндік беретінін дәлелдеді.

Зерттеу нәтижесі болашақта математика элементтерін оқытуда мектеп мұғалімдері мен жоғарғы оқу орны студенттеріне әдістемелік нұсқау ретінде қолданылуы мүмкін. Мектеп оқушыларында математика курсын оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын интерактивті оқыту әдістермен қатар қолдану оқытудың тиімділігі мен сапасының артуына, білім алушылардың танымдық және реттеушілік әмбебап оқу іс-әрекеттерін қалыптастырудың оң динамикасына ықпал етті.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-03-31