ӨЗГЕШЕЛЕНГЕН ЖЫЛУӨТКІЗГІШТІК ТЕҢДЕУ ҮШІН БІР ТҮЙІНДЕС ЕСЕПТІҢ ШЕШІМІ

125 69

Авторлар

  • У.К.КОЙЛЫШОВ
  • К.А.БЕЙСЕНБАЕВА

Аңдатпа

Коэффициенттері үзілісті жылуөткізгіштік есептері және өзгешеленген параболалық типтес теңдеулер, әрқайсысы жеке бұрыннан және жақсы зерртелген. Коэффициенттері үзілісті өзгешеленген жылуөткізгіштік теңдеу үшін бастапқы-шеттік есептер іс жүзінде  аз зерттелген.

     Бұл жұмыс коэффициенттері үзілісті өзгешеленген жылуөткізгіштік теңдеу үшін бір түйіндес есепті зерттеуге арналған. Алдымен Фурье және Лаплас түрлендірулері көмегімен екі көмекші есептердің шешімдері құрылады, сонан соң көмекші есептердің шешімдерін қолдана отырып өзгешеленген жылуөткізгіштік теңдеу үшін бір түйіндес есептің шешімі табылады. Қойылған есептің іргелі шешімі құрылған және оның туындыларының бағасы табылған. Алынған нәтиже соболев және гельдер кластарында коэффициенттері үзілісті өзгешеленген жылуөткізгіштік теңдеу үшін бастапқы-шеттік есептерді зерттеу барысында қолданылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-28