ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЗООНИМДІК АТАУЛАРДЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
190 1036
Кілт сөздер:
ономастика, зоонимдік атаулар, этнолингвистика, этномәдени атаулар, лексика-семантикалық тәсіл, түркілік бірліктер.Аңдатпа
Тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы ономастика мәселесі қарастырылып, зоонимдік атаулар зерттеу нысаны болады. Ғылыми тұрғыдан зоонимдік атаулардың зерттелуі, ішінара жіктелуіндегі ерекшеліктер көрсетілді. Тілдегі бұл саланың аз зерттелуінің бірнеше себептері анықталды. Зоонимдерді қарастырудағы ішкі және сыртқы экстралингвистикалық факторлар айқындалған. Қазақ тіліндегі зоонимдік атаулардың әсіресе мал атауларына байланысты атаулардың этнолингвистикалық сипаты талданған. Ұлт болмысы мен дүниетанымын айқындаудың бір жолы ретінде зоонимдік атаулар тілімізде зор маңызға ие. Халқымыздың төрт түлік малға ат қоюының өзінде белгілі бір этномәдени ақпарат жатқанын байқай аламыз. Зоонимдік атаулардағы ұлттық ерекшеліктердің негізі түркілік танымнан бастау алып, бүгінгі түркі тектес ұлттар тілінде де көрініс береді. Әрбір зоонимдік атаулардың мағыналық этномәдени сипатын қарастыру арқылы бүгінгі этнолингвистика ғылымына зор үлес қоса аламыз. Бүгінде тіл ғылымы ішкі фактордан гөрі сыртқы экстралингвистикалық бағытта дамып жатқаны мәлім. Тілдегі әрбір атауларды ұлттық мәдени ақпарат деп қабылдай отырып, тіліміздің өткені мен бүгініне көз жүгірте аламыз. Зоонимдік атаулар да ұлттық болмысымыздан ақпарат беруші тілдік бірліктерге өте бай. Сондықтан бұл саланы зерттеу этимология, этнолингвистика саласын толықтырады. Мақалада қарастырылған мәселелер тіл ғылымының этнолингвистика саласының болашақ дамуына үлес қосары анық.
Әдебиеттер тізімі
Мәдиева Г.Б., Иманбердиева С.Қ. Ономастика: зерттеу мәселелері – 2005. 240 б.
Қазақ ономастикасының мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1986. – 136 б.
Қашқари М. Түрік тілінің сөздігі: (Диуани лұғат ит түрік): 3 томдық шығармалар жинағы / Қазақ тіліне аударған, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазған А.Егеубай. – Алматы: «Сөздік–Словарь», 2006. –376 б.
Жанәбілов Ш. Қазақша мал атаулары. – Алматы: Қайнар, 1982. – 150 б.
Әбдуәли Қ. Қазақтар ана тілі әлемінде: этнолингвистикалық сөздік. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2013. Т. 3: Табиғат. – 2013. – 608 б.
[Электронды ресурс] URL: https://ehistory.kz/kz/contents/view/kazak_tilindegi_anshilikka_katisti_terminder__4815
Koç, Kenan, Bayniyazov A., Başkapan V. Kazak Türkçesi-Türkiye Türkçesi Sözlüğü. – Ankara, Akçağ Yayınları, 2003.
Eyüboğlu, İsmet Zeki. Türk Dilinin Etimoloji Sözlüğü, 2. Baskı. – İstanbul, Gözlem Matbaacılık, 1991.
Necipoviç, Necip Emir. Yeni Uygur Türkçesi Sözlüğü / Çev.: İklil Kurban. – Ankara, TDK Yayınları, 1995.
Yudahin K.K. Kırgız Sözlüğü (SSCB Bilimler Akademisinin Doğuyu İnceleme Enstitüsü) / Çev.: Abdullah Taymas. I. Cilt. 4. Baskı. – Ankara, Ankara Üniversitesi Basımevi, 1998.
Baskakov N.A. Gagauz Türkçesinin Sözlüğü / Yay. haz.: İsmail Kaynak. A. Mecit Doğru. – Ankara, Semih Ofset, 1991.
Altayli, Seyfettin. Azerbaycan Türkçesi Sözlüğü II (Hemaset-Züyültü). – İstanbul, Millî Eğitim Yayınevi, 1994b.
Нұрмағамбетұлы Ә. Қазақ тіліндегі атаулар тарихы. – Алматы: Ғылым, 1998. 200 б.